ТОА (тендерлік он-лайн алаңы) - «КГНТ» ИК» компаниясына бүкіл сыртқы әлеммен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әмбебап құрал болып табылады. ТОА Жеткізушілерге қолайлы жұмыс істеу үшін арнайы жасалған болатын. КГНТ компаниясымен жабдықтардың, материалдардың немесе қызметтердің жеткізушілері ретінде жұмыс істеуге қызығушылық танытқан барлық компаниялар немесе тұлғалар ТОА алаңын «КГНТ» ИК» компаниясында әзірленетін перспективалық немесе ағымдағы жобалар үшін өз қызметтерін ұсыну үшін портал ретінде қолдана алады. Жеткізушілерді «КГНТ» ИК» компаниясының жобаларына «кіргізу және жіберу» ресми рәсімі күрделі емес (ТОА алаңында орналастырылған Жеткізушілерге арналған арнайы Нұсқаулықпен танысуларыңызды сұраймыз) және қысқа мерзімде және ең оңтайлы тәсілмен әлеуетті Жеткізушілер мен «КГНТ» ИК» компаниясының әртүрлі жобаларда жұмыс істейтін және оларды жабдықтаумен айналысатын қызметтері арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Барлық Жеткізушілер «КГНТ» ИК» тарапынан жалпы негіздерде және тең талаптармен қарастырылады. «КГНТ» ИК» компаниясында әзірленетін жобалардың барынша жоғары сапасын қамтамасыз ету ТОА алаңының негізгі мақсаты болып табылады, және бұл мақсатқа «КГНТ» ИК» компаниясының әлемге толық ашылуын қамтамасыз ету, яғни біздің әзірленетін немесе перспективалық жобалар үшін мүдделі саналатын салалардағы техникалық және технологиялық жетістіктер туралы ең заманауи және өзекті ақпаратты жинау және өңдеу арқылы қол жеткізіледі.
Біз ТОА алаңына компаниямыздың Жеткізушілердің тарапынан қолдауға деген ағымдағы қажеттіліктері туралы ең өзекті ақпаратты орналастырамыз. Бұл ретте барлық мүдделі жеткізушілерге біздің сұратуымыздың ерекшеліктерімен (ал олар әртүрлі болуы мүмкін!) уақтылы және барынша толық танысуға және біздің мекенжайға біз жабдықтарды, материалдарды немесе қызметтерді жеткізуге жариялаған тендерларға техникалық-коммерциялық ұсыныстарды (ТКҰ) жіберуге мүмкіндік беріледі.
Біздің ішкі қарастыруымыздың нәтижелері бойынша техникалық-коммерциялық ұсыныстары осы немесе өзге тендердің жеңімпазы атанған Жеткізушілерді біз келісімшарт жасасу немесе осы немесе өзге жобаларға қатысу аясында одан әрі қадамдарды әзірлеу мақсатында одан әрі талқылау үшін шақырамыз.
Барлық Жеткізушілерден біз жариялаған тендерға қандай да бір Жеткізушінің техникалық-коммерциялық ұсынысты жіберу фактісінің біздің атымызға осы немесе өзге тендерде жеңімпазды таңдау себептерін түсіндіруді талап ету үшін негіз болып табылмайтындығын ескеруді сұраймыз.
Тіркеу сілтемесін шерту керек, осыдан кейін жүйе Сізге поштаны, логинді, құпиясөзді және компания туралы деректерді (Атауы, ҰҚН, БСН) енгізуді ұсынады. Өрістерді толтырған соң поштаға поштаны растау туралы хат келеді. Пошта расталғаннан кейін Сіз жүйеге кіріп, профильге кіру рұқсатын аласыз. Мұнда Сіз жеткізушінің сауалнамасын алдын ала толтырып, жүйенің модераторына аккаунтты тексеру туралы сұрау сала аласыз. Сіздің аккаунтыңыз модерациялаудан өткен соң профильдегі статус «Тексерілді» жазуына өзгереді және Сіз Барлық тендерлар мен лоттарға кіру рұқсатын аласыз.
«Сатып алу» қыстырмасына өту қажет, мұнда барлық сатып алулар көрсетілген. Тендер туралы егжей-тегжейлі қарап шығу үшін, модерация тексеруінен өткен тіркелген пайдаланушы үшін, оны шерту қажет. Тіркелмеген пайдаланушыға тіркелу қажет. Әрбір тендердің ішінде тендер туралы егжей-тегжейлі ақпарат және ойнатылатын лоттардың тізімі берілген. «+ Пікір» кнопкасын шертіп және ашылған терезеде міндетті және қосымша деректерді толтыра отырып, Сіз кез келген Лотқа өтінім бере аласыз.
Тендер аяқталған соң, егер Сіз белгілі бір лот бойынша жеңімпаз атанатын болсаңыз, Сізге поштаға осы туралы хабарлама келеді.
Егер Сіз жеңбеген болсаңыз, хабарлама келмейді, бұл жағдайда толық ақпаратты Сіз тендердің жариялаушысынан біле аласыз. Байланыстарды «байланыстар» қыстырмасынан алуға болады.
Сонымен қатар қолайлы болу үшін әрбір тендердің карточкасында «Қадағалау» кнопкасын басып, әрбір тендерді қадағалауға болады және ол Сіздің профиліңізде «Менің тендерларым» қыстырмасында көрініп тұратын болады.