Келісім

Деректерді жинау, өңдеу, пайдалану және үшінші тұлғаларға беру келісімі

Осы арқылы ________________ (ұйымның толық атауы) (бұдан әрі – Субъект) КГНТ-мен азаматтық-құқықтық және (немесе) басқа қатынастың болуы немесе жасауына байланысты, осы келісіммен регламенттелген мақсатта төмендегі электрондық, қағаз және (немесе) өзге жеткізгіш материалда белгіленген деректерді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, «КАЗГИПРОНФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» (бұдан әрі -КГНТ) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне БСН 040940003211 берілген деректерді трансшекаралық беруді қоса алғанда, жинау, өңдеу, пайдалану және үшінші тұлғаларға беру келісімін білдіреді.

  • Заңды тұлғаның атауы, заңды және пошта мекенжайы, байланыс нөмірлері, электрондық мекенжай, БСН, банктік реквизиттер, қол қоятын тұлғаның өкілеттігін растайтын ресми хаттар, құжаттар, ашық дереккөздерден, сонымен қатар электрондық мемлекеттік қызметтер арқылы алынған жарғы, анықтамалар және заңды тұлға, іскерлік бедел, ұйымдардағы мүшелік туралы мәліметтер және т.с. ;
  • Субъект қызметкерлерінің/өкілетті өкілдің, соның ішінде азаматтық-құқықтық шарттың негізінде Субъект атынан әрекет ететін жеке тұлғалардың (бұдан әрі бірге – Субъект персоналы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), байланыс ақпараты – телефон нөмірлері, электронды пошта мекенжайы, сондай-ақ еңбек және (немесе) кәсіби қызметі туралы мәліметтер және т.б.

КГНТ, Субъект деректерін трансшекаралық беруді қоса алғанда, жинау, өңдеу, пайдалану және үшінші тұлғаға беру және Субъект Персоналының дербес деректерін беру келесі мақсатты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей жүзеге асырылады:

  • Коммерциялық ұсыныстарды сұрату, сатып алуларға/тендерлерге қатысуға шақырту, мәміле жасау және орындау және т.б. үшін; 
  • Электрондық пошта және/немесе мобильдік байланыс құралдары арқылы жарнамалық, ақпараттық, жаңалық сипатындағы хабарламаларды тарату үшін;
  • КГНТ-ның кәсіби қызметімен тікелей байланысты статистикалық, әлеуметтік, ғылыми, маркетингтік зерттеулерді жүргізу үшін. 

Субъект осы келісімге қол қою сәтінде, Субъекттің Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» №94-V Заңына сәйкес Субъект Персоналының дербес деректерін жинау, өңдеу және үшінші тұлғаларға беру келісімін алғандығын және КГНТ-ның Субъект Персоналының кез келген кезекті деректерін беруі сәйкес келісімді алғаннан кейін жүзеге асырылатындығын растайды.. 

Деректерді жинау, өңдеу, пайдалану және трансшекаралық беруді қоса алғандағы, үшінші тұлғаларға беру, оларды жинау және өңдеу мақсатына қол жеткізу мерзімінің ішінде қолданылады және Субъект келісімді оны қайтарып алуға дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн мерзімінен кем болмайтын мерзімде, КГНТ-ға тиісті жазбаша түрдегі өтінімінің негізінде кез келген уақытта қайтарып ала алады.